Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяқпен, күрекпен ұрған: Ақтауда төбелестен ер адамның бас сүйегі сынған

Жарияланған күні:

Лопата торчит в земле
Лопата. Иллюстративное фото: Pixabay

Ақтауда соққыға жығылған ер адам көптеген дене жарақатын алып, ота жасалды. Жәбірленушінің жағдайы туралы облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Оқиға маусым айының соңында 3-шағын ауданда болған. Желіде екі жігіттің төбелесі бейнеленген видео тарады. Біраздан кейін оларға таяқ ұстаған үшінші адам қосылған, кейін күрек қолданғаны белгілі болды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталған.

Төбелес салдарынан 1986 жылы туған ер адамның бас сүйегіне зақым келген.

"Оған ота жасалды. Ол есін жиды, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", - деп атап өтті емдеуші дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128491-taiaqpen-kurekpen-urdy-aqtaudagy-er-adamnyng-bas-suiegi-syngan/