Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жолдар мен егіс алқаптарын шегіртке жайлады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шегіртке
Шегіртке. Көрнекі фото: pexels.com

Абай обылысында тағы да шегіртке қаптады. Жәндіктер жолдар мен егіс алқаптарын басып қалды. Ең көп зардап шеккен Үржар өңірі, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, тұрғындар зиянкестер бидай егінін құртып жіберуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Шенеуніктер жағдай бақылауда екенін айтты. Жәндіктерді жою жоспарланған 77 мың гектар алқаптың қазірдің өзінде 69 мың гектары өңделген. Оған 19 арнайы техника мен бір жеңіл ұшақ жұмылдырылған.

Жергілікті билік өкілдері зиянкестерден дер кезінде құтылу үшін егістік алқаптар үнемі бақылауда болады деп сендірді. Шегірткелер химиялық дәрі шашқаннан кейін бірден жойылады дейді.

"Үржар ауданы Үржар өзенінің бойында орналасқан Елтай және Егінсу ауылдық округтерінде 70 гектар аумақта азиялық шегірткелердің ошағы анықталды, бұл аумаққа қажетті дайындық жұмыстары жүргізілген, авиациялық техника жіберілді жауын-шашын тоқтаған соң, зиянкестермен күрес жұмыстары басталады", - деді ол Абай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128650-abai-oblysynda-zholdar-men-egis-alqaptaryn-shegirtke-zhailady-video/