Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер шілдеде құрғақшылық болады деп болжанған өңірлер тізімін жариялады

Жарияланған күні:

Құрғақшылық
Құрғақшылық. Көрнекі сурет: pexels.com

Синоптиктер шілдене арналған құрғақшылық тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеоролгтардың мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады.

Мамандар атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайғанын болжады.

Шілдеде мына өңірлерде құрғақшылық болады:

  • Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Ақжайық және Бөкей орда аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин, Ыргыз және Ойыл аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Абай облысының Аягөз ауданында;
  • Алматы облысының Балқаш ауданында;
  • Жетісу облысының Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында;
  • Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласы аумағында;
  • Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128794-sinoptikter-shildede-qurgaqshylyq-bolady-dep-bolzhangan-ongirler-tizimin-zhariialady/