Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Оқушылар үйінің бірі сүріліп жатыр

Жарияланған күні:

Бұзу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Жамбыл мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан №2 Оқушылар үйі сүріліп жатыр. Оның орнына жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, №2 Оқушылар үйі 1951 жылы салынған және толық жаңғыртуды талап еткен.

"Осыған байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында құрылыс салушы өз қаражатына ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңасын салуды жоспарлап отыр", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаны іске қосу мерзімі 2025 жылдың қаңтарына жоспарланғанын да айтылды.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда сот шешімімен тау етегінде заңсыз салынған ғимараттың бір бөлігі сүрілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128959-almatyda-oqushylar-uiining-biri-surilip-zhatyr/