Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 миллиондай Cobalt алуға болар еді": Дина Төлепберген несие алған қазақстандықтар туралы айтты

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Дина Төлепберген. Фото: instagram.com/ dina_tolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген несиеге батқан қазақстандықтардың берешегі қанша екенін айтты. Тележүргізуші елде қабылданып жатқан жаңа заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында журналист Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"19 триллион қарыз. Қазақстандықтардың банкке берешегі бұл. Сенесіз бе, бұл сомаға 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді. Утильалымсыз 4 миллион көлік. Масқара… Қайтсек те, енді әйелі ерінің, ері әйелінің рұқсатынсыз қарыз ала алмайды. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енбек", - деп жазды Дина Төлепберген.

Тележүргізуші оған дейін АХАЖ бөліміне барып, неке жөніндегі ақпаратты тексеруге кеңес берді. Себебі 2008 жылға дейінгі некелер базада толық цифрланбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129118-3-milliondai-cobalt-aluga-bolar-edi-dina-tolepbergen-nesie-algan-qazaqstandyqtar-turaly-aitty/