Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның төрт қаласында террористік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды

Жарияланған күні:

тәртіп сақшысы
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның төрт қаласында 2 шілдеде түн ортасынан бастап күшіне енген лаңкестік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды. Бұл туралы Терроризмге қарсы штабқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың ақпаратынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы "терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13 және 15-баптары негізінде Астанада 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады.

"4 шілдеде 23:59-дан бастап Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қаласында бір уақытта лаңкестік қауіптің қалыпты ("сары") деңгейі жойылды.

Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129316-qazaqstannyng-tort-qalasynda-terroristik-qauipting-sary-denggeii-alyp-tastaldy/