Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда найзағай ойнап, өзендерде су деңгейі көтеріледі: ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Құтқарушылар алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарына қатты жаңбыр жаууына байланысты ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

5 шілдеде Алматыда дауылдық ескерту жарияланды. Таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Ал қаланың өзінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шілденің 5-і мен 7-сі аралығында Алматы қаласына іргелес таулы аудандарда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтіледі. Қауіпті деңгейден асып кетсе, су басуы мүмкін.

"Қазселденқорғау" және Төтенше жағдайлар қызметі алдағы күндері таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуды және Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің арналарына жақын жүрмеуді сұрайды", - делінген Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129340-almatyda-naizagai-oinap-ozenderde-su-denggeii-koteriledi-tzhd-turgyndarga-eskertu-zhasady/