Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жеті жасар бала полицияға шағым түсірді

Жарияланған күні:

Велосипед
Велосипед пен бала. Көрнекі фото: Erik Witsoe/EyeEm/Gettty Images

Қарағанды облысында Саран қаласының полиция бөлімшесіне жеті жастағы бала жүгінді. Ол өзінің велосипеді қолды болғанын айтқан. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бала тәртіп сақшыларына велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция жәбірленушіні көлікке мінгізіп, аулаларды аралаған.

"Аулада жүрген баланың велосипедін басқа бала сұраған. Ол велосипедін берген. Алайда әлгі бала аулада бірнеше рет айналғаннан кейін белгісіз жаққа бет алған. Велосипедтің иесі артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған", - дейді полицейлер.

Шағымданушы баланың ата-анасы да шақыртылған. Біраз уақыттан кейін велосипед табылды. Оны 10 жастағы қыз бала айдап әкеткен болып шықты. Полицейлер қыздың ата-анасымен сөйлескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129598-qaragandy-oblysynda-zheti-zhasar-bala-politsiiaga-shagym-tusirdi/