Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезіндегі 4 жасар қыздың өлімі: әскери қызметшіге тағы үкім шықты

Жарияланған күні:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Сот алқасы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады. Әскеридің іс-әрекеттерінен кейін төрт жасар қыз көз жұмған, деп хабарлайды Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әскери соттың Telegram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, бұған дейін кассациялық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымдары мен прокурордың наразылығы негізінде апелляциялық сот алқасы үкімінің күшін жойып, екінші сатылы сотқа қайта қарау үшін жолдаған.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында "құпия" белгісімен қаралған. Сот 2022 жылы 7 қаңтарда сағат 19.30 шамасында, сотталушы Ж., блок бекетінде бола тұра, оның қарамағындағы әскери қызметшілерге блок бекетіне жақындап келе жатқан автокөлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық бергенін анықтады.

Нәтижесінде, алған оқ жарақаты салдарынан 2017 жылы туған жас бала қайтыс болып, ал, кәмелетке толмаған 2006 жылы туған бала 5 оқ жарақатынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің  айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындылары және заттай дәлелдемелерімен дәлелденді.

"Қазақстан Республикасының Әскери сотының сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша Ж. кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылып, 7 жылға сотталды", - делінген ресми хабарламада.

Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129895-qangtar-oqigasy-kezindegi-4-zhasar-qyzdyng-olimi-askeri-qyzmetshige-tagy-ukim-shyqty/