Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сан соғып қалдық": "Алтын орда" базарында тағы да дау шықты

Жарияланған күні:

"Алтын орда" базары
"Алтын орда" базары. Фото: gov.kz

Алматыдағы "Алтын орда" базарында тағы дау шықты. Сатушылар базардың бұрынғы директоры жаңа орын салып беремін деп 300-ге жуық адамнан қомақты көлемде ақша жинап, хабарсыз кеткенін айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.

"Алтын Орда" базарынан орын алу үшін ақша берген 300-ге сатушылар соңында сан соғып қалған. Олар ақша жинап алған бұрынғы басшы хат-хабарсыз кеткенін жеткізді.

"10 ай бойы есептеңіз ай сайын миллион болғанда әрқайсысы 8-10 миллионнан ақша құйды. Әр салымшы 300 адам 1 миллиард 600 миллион теңге ақшаны Альпиев Данияр жинап алып жоқ. Құрылыс тұрған жоқ. 2023 жылы қазан емес, 2024 ші жыл шілде болды. Біз орнымызды күтудеміз", - деді Райхан Айдарбаева.

"Сол Альпиевтің компаниясына 60-70 пайыз қаражат құйылып кеткен. Өйткені кассир Маржан дейтін кісі "ай сайын құйыңдар, 1 миллион құйыңдар, 2-3 милиион құйыңдар" деп зарлап отыратын. Сөздің шыны керек халықты қорқытты. Құймасаңдар "бутиктарыңды аламыз да, басқа біреуге сатамыз" дейтін", - деді сатушы Гүлайым Мақашева.

Базар басшылығының заңгері де қолдарында барлық келісімдер бар екенін айтады. Істің заң жүзінде шешілгенін қалайтынын жеткізді.

"Қазір жиналып жатқан салымшылардың бәрінің қолдарында чектері бар тиісті құжаттары бар. Ол жаңағы "Алтын орда ню" компанияға, алдында жұмыс атқарған компанияға ақша құйған. Бұл жерде 300 ге жуық салымшылар бар. Бұл интернет желілерінде көптеген жалған ақпарат таратылып жатқаннан кейін салымшылар көріп, назарға алып өздерінің азаматтық құқықтарын қорғау үшін жиналып жатыр", - базар басшылығының заңгері Ізбасар Өтеулин.

Базардың бұрынғы басшылығының адвокаты Бауыржан Бибатыров болса, барлық ақша құрылысқа құйылды, деп отыр.

"Бізде барлық келісімдер бар. Бұл жағдайда ол өз ақшасын ұрлауға ниеті болған жоқ. Барлық ақша құрылысқа құйылды. Біз бәрін заң жүзінде болғанын қалаймыз. Саудагерлердің шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды", - деді ол КТК телеарнасы тілшілеріне берген сұқбатта.

Полиция аталған оқиғаға қатысты іс қозғаған.

"Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық процес қатысушылары қылмыстық іспен танысуда. Тергеу амалдары аяқталған соң, қылмыстық іс сотқа жолданады", - Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция департаменті егер бұрынғы базар басшысының кінәсі дәлелденсе, заң алдында жауап беретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129916-san-sogyp-qaldyq-altyn-orda-bazarynda-tagy-da-dau-shyqty/