Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанша қазақстандыққа Астана есімі қойылған

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұратынын айтты. Бұл туралы бюро Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер – 17 адам.

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұл – Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

Айта кетсек, бұған дейін Астанада халық саны 1,5 млн адамға жуықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130021-qansha-qazaqstandyqqa-astana-esimi-qoiylgan/