Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 градус ыстық, найзағай, бұршақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Күн
Аптап. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанның бірнеше облысында қатты ыстық пен жауын-шашынға байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

7 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

7 шілдеде Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

7 шілдеде Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

7 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

7 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. 7-8 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады.

7 шілдеде түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7 шілде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

7 шілдеде таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында 7 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

7 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

7 шілдеде түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық сақталады.

7 шілдеде түнде Жамбыл облысының солтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

7 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

7 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 7 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

7 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

7 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130114-42-gradus-ystyq-naizagai-burshaq-elimizding-birneshe-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/