Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Игілік көшесінің учаскесі екі күнге жабылады

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада Игілік көшесінің учаскесі екі күнге жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ мәліметіне сүйенсек, Игілік көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8-9 шілде аралығында Жаңажол көшесінен бастап Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдіктен.

Жергілікті атқарушы орган келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130501-astanada-igilik-koshesining-uchaskesi-eki-kunge-zhabylady/