Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңатастағы су тасқыны: облыс әкімдігі мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Жаңатастағы су тасқыны салдарын жою жұмысы
Жаңатастағы су тасқыны. Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімдігі нөсер жаңбырдан су басқан Жаңатас қаласындағы жағдай туралы баяндады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық әкімдік сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайларға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылған.

Еске салсақ, 7 шілде кешкісін жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400-ден астам нысан мен 47 үй су астында қалғанын жазған едік.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 техникасы тартылды.

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысқан.

Сел тасқыны облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130678-zhangatastagy-su-tasqyny-oblys-akimdigi-malimdeme-zhasady/