Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында авторлық қадағалау тобының жетекшісі пара алу үстінде ұсталды

Жарияланған күні:

Тәркіленген қаржы. Фото
Тәркіленген қаржы. Фото: АФМ Insider

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды іске асыратын компанияның бас инженерінен 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.", - делінген Қаржылық мониторинг агнеттігінің Telegram-дағы арнасында.

Ведомство өкілдері тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алып жатқан жерінде ұсталғанын мәлімдеді.

"Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1 пайызына тең", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130801-qostanai-oblysynda-avtorlyq-qadagalau-tobynyng-zhetekshisi-para-alu-ustinde-ustaldy/