Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Yandex Qazaqstan және Archode Almaty ұжымдары Яндекс Карталар сервисінде бірегей аялдамалар жобасын іске қосты

Жарияланған күні:

Мәдени жоба "Оң жаққа қараңыз"
Фото: Yandex Qazaqstan

Yandex Qazaqstan және Archcode Almaty ұжымдары "Оң жаққа қараңыз" мәдени жобасын іске қосты. Archcode Almaty сарапшылары Алматының 20 ерекше қоғамдық көлік аялдамасын іріктеп алды. Ал Yandex Qazaqstan оларды Яндекс Карты қолданбасында топтамаға жинап, бірнеше аялдаманың үш өлшемді моделін жасады. Бұдан бөлек Яндекс Музыка сервисінде қазақстандық музыкант M’Dee оқитын аудиогид пайда болды.

Қаладағы жобаның әр аялдамасының жанында қысқаша тарихи анықтамасы және сайтқа апаратын куар-коды бар стела қойылды. "Оң жаққа қараңыз" жобасының сайтын қазақ және орыс тілдерінде қолдануға болады. Онда бірегей аялдамалардың үш өлшемді модельдерін түрлі қырынан қарап, оларды жасағанда қандай архитектуралық техникалар және көркем бейнелер қолданылғанын оқуға болады. Мысалы, "Казмеханобр" аялдамасында неліктен бұрғылау мұнарасы бар екенін, "Тауыс" аялдамасынан бояуды кім қырып кетіргісі келгенін және "Жолшы" аялдамасында қандай драмалық сюжет бейнеленгенін біле аласыз.

Мәдени жоба "Оң жаққа қараңыз"
Фото: Yandex Qazaqstan

Жобаның сайтынан Карты сервисіндегі қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі топтамасына өтіп, барлық бірегей аялдама туралы толығырақ оқуға болады. Олардың көбі ерекше пішінді және мүсіндермен, мозаикамен, барельефтермен, ағаш ендірмелермен әшекейленген. Мысалы, ыдыс сынықтарынан жасалған мозаика өрнекті "Дәріхана" аялдамасы пірәндіктен жасалған үйге ұқсайды. Динамикалық қиғаш бағанды "Рейз" аялдамасының айбынды пішіні ғарыш кемесінің бейнесін меңзейді.

Сонымен қатар Яндекс Музыкада "Оң жаққа қараңыз" аудиогидін тыңдауға болады. Оны танымал қазақстандық музыкант M’Dee дыбыстады. Әртіс топтамадағы бірегей аялдамалар қалай пайда болғанын, оларды салу кезінде қандай түпнұсқа тәсілдер қолданылғанын айтып береді. Сондай-ақ сүйікті қаласымен байланысты өз естеліктері мен сезімін бөліседі.

"Заманауи технологиялар, соның ішінде цифрландыру негізіндегі "Оң жаққа қараңыз" сияқты жобалар нысандардың келбетін сақтап, әлемдік диджитал мұрағаттың бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік бере отырып, тарихи архитектура үшін үлкен маңызға ие болады", - дейді Archcode Almaty жобасының креативтік продюсері және бірлесіп негізін қалаушысы Анель Молдахметова.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130906-yandex-qazaqstan-zhane-archode-almaty-uzhymdary-iandeks-kartalar-servisinde-biregei-aialdamalar-zhobasyn-iske-qosty/