Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бір отбасының екі баласы бірдей неден уланғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Коваленконың үйі. Видеодан кадр
Коваленконың үйі: "Астана" телеарнасы

Маусым айының басында Солтүстік Қазақстан облысында екі бала уланып көз жұмған еді, ал тағы бір баласы мен анасы ауруханаға түскен. СҚО полиция департаменті осы жайтқа қатысты пікір білдіріп, отбасы неден уланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыдан бір ай бұрын оқиға СҚО-дағы Қызылжар ауданының Надежка ауылында болған. Ауыл дүкенінен тамақ алған отбасы кешкі ас дайындап, артынша жатып қалған. Туыстарының айтуынша, алдымен кішкентай сәби құса бастаған. Артынша қалған екі баланың хәлі нашарлаған. Кейін дәрігерлер екі бүлдіршіннің өлімін тіркеген болатын. Бұл дерек бойынша Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне СҚО полиция департаментіің өкілдері тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар сараптама жүргізілді, оның қорытындысы бойынша балалардың өліміне нитритпен жедел улану себеп болған.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеудің барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130957-sqo-da-eki-balasy-koz-zhumgan-otbasynyng-neden-ulangany-anyqtaldy/