Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ескі үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріліп жатыр

Жарияланған күні:

тұрғын үй кешені
Тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда тозығы жеткен тұрғын үйлерден тұрғындарды жайлы пәтерлерге көшіру жалғасуда. Бұған дейін 280 адам көшірілсе, жыл соңына дейін тағы 2180 адамды қоныстандыру жоспарлануда, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бастап Алматыда 280 тұрғын ескі үйден жаңа тұрғын үйге көшірілді. Бұл "2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы" аясында жасалды.

"Қаланың Әуезов, Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарында бұрын пайдалану мерзімі өтіп кеткен 10 үйде тұрып келген 70 отбасы заманауи тұрғын үй кешендерінен жаңа жайлы пәтерлердің кілтін алды", - дейді әкімдік.

Биыл жыл соңына дейін Алматыда 54 ескі үйдің тағы 2 180 тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жаңарту бағдарламасы аясында адамдардың өміріне қауіп төндіретін жарамсыз әрі тозығы жеткен үйлер бұзылады. Олардың орнында спорт алаңдары, паркинг және маңызды әлеуметтік нысандары бар заманауи тұрғын үй кешендері салынуда. Бағдарламаның шартына сәйкес, ескі тұрғын үй иелері жаңа үйден бірдей пәтер алады. Сонымен қатар жаңа пәтер орта есеппен 10 шаршы метрге көп. Жаңа пәтер иелеріне қосымша шаршы метр үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Пәтерлер таза әрлеумен беріледі. Үйлерге интернет тартылды, өртке қарсы дабыл орнатылды, сантехника мен фаянс, газ немесе электр плитасы қарастырылған.

Құрылыс кезінде тұрғындарға тегін уақытша тұрғын үй беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130975-almatydagy-eski-uilerdegi-turgyndar-zhanga-paterlerge-koshirilip-zhatyr/