Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлімге тиесілі құрылғыларды ломбардқа өткізген": Семейде құмар ойын ойнаған әскери қызметкерге сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Әскери адам
Әскери адам. Көрнекі сурет: Suzanne Kreiter/The Boston Globe via Getty Images

Семейде құмар ойын ойнап, мемлекетке 2 млн теңгеден астам залал келтірген әскери қызметкерге сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Семей гарнизоны әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иелену фактісі бойынша айыпталған әскери қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3 бөлігі 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.

"Сотта айыпталушы штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта бәс тігіп ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізген.

Тексеріс қорытындысы бойынша мемлекетке 2 млн теңгеден астам залал келтірілген",- делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3 бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қылымыстық кодекстің 49-бабы, 1-бөлігіне сәйкес "капитан" әскери атағынан айырылды.

Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130978-bolimge-tiesili-qurylgylardy-lombardqa-otkizgen-semeide-qumar-oiyn-oinagan-askeri-qyzmetkerge-sot-ukimi-shyqty/