Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Байжан Байгелді
Байжан Байгелді. Фото: zhambyl_police

Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Байжан Байгелді тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып полиция полковнигі Байжан Байгелді тағайындалды", - делінген хбарламада.

Бұл туралы Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Байжан Исембекұлы Жамбыл облысының тумасы, құқық қорғау органдарында 29 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибесі мол маман.

Ол әр жылдары Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстық Полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

"Байжан Байгелді қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне, жедел-криминалистикалық полиция, анықтау басқармасы және заң бөлімінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Орынбасарыма ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруды тілеймін", - деді Арманбек Баймурзин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131008-zhambyl-oblysy-politsiia-departamenti-bastygynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/