Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияға оқу орнының түлегі ректор болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Ербол Әбіқұлов пен Гауһар Тасбергенова
Ербол Әбіқұлов пен Гауһар Тасбергенова. Фото: conservatoire.edu.kz/

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияға ректор болып Гауһар Тасбергенова тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оқу орнының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу орны мәліметеінше, 2024 жылғы 6 шілдеде мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұжымына жаңа тағайындалған басшыны таныстырды.

"Осы жоғары оқу орнының түлегі Гауһар Тасбергенова биылғы 9 шілдеден бастап ректор қызметіне кіріседі. Ұжым қызметкерлері басшылық қызметке тағайындалған әріптесін жылы қабылдап, құттықтады", - делінген хабарда.

Өз кезегінде жаңадан келген ректор ұжымға қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131131-qurmangazy-atyndagy-qazaq-ulttyq-konservatoriiaga-oqu-ornynyng-tulegi-rektor-bolyp-tagaiyndaldy/