Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT құрылысы: Астана тұрғындарына Арыс көпіріне дейінгі көлік қозғалысы өзгеретіні ескертілді

Жарияланған күні:

LRT тіреуіштері
LRT тіреуіштері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордадағы LRT құрылысы жоспарына сәйкес, Арыс көпірінен (М3) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жол қозғалысы өзгертіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысына байланысты Арыс көпірінен (М3) Тәуелсіздік даңғылына дейін жол қозғалысы өзгертілетіні хабарланды.

"10 шілдеден 19 шілдеге дейін құрама арқалықтарды монтаждау, ригельдерді орнату және құрама болат қорап арқалықтарын орнату жұмыстарын орындау мақсатында Арыс көпірінен (М3) басталатын қозғалыс жолына жартылай шектеу енгізіледі. Арыс көпірінен (М3) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көлік қозғалысы Панфилов көшесіне қарай бұрылады", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ескертіп, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131170-lrt-qurylysy-astana-turgyndaryna-arys-kopirine-deiingi-kolik-qozgalysy-ozgeretini-eskertildi/