Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көпірлердің бірінде көлік қозғалысы 10 күнге шектеледі

Жарияланған күні:

Астана қаласында көшеде кетіп бара жатқан көліктер
Астана қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Тәуелсіздік көпіріне асфальт жабынның жоғарғы қабаты салынатындықтан, бір жарым аптаға көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік хабарламасында 2023 жылғы қазанда жолдардағы кептелісті азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілгені айтылған.

Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

"Осы жылдың 10-20 шілде аралығында асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Көпір сызбасы
Көпір сызбасы: gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131260-astanada-kopirlerding-birindegi-kolik-qozgalysy-10-kunge-shekteledi/