Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық, найзағай және бұршақ: еліміздің бірқатар өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай жарқылы
Найзағай жарқылы: freepik.com

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РКМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда 10 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

Ертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с болады.

Сәрсенбіде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с болады.

10 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады деп болжанды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Сәрсенбі түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады.

10 шілдеде Қостанай облысының батысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Ертең күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Сәрсенбі Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады деп болжанды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ертең күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды деп болжанды.

10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сәрсенбі түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131290-qatty-ystyq-naizagai-zhane-burshaq-elimizding-birqatar-ongirinde-kun-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/