Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйдің подъезінде бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

Алматыда бұрынғы әйелін көпқабатты үйдің подъезінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген ер адамға сот үкімі шықты. 9 шілдеде сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында зорлық-зомбылықпен ұштасқан бұзақылық жасады деп айыпталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта айыпталушының бұрын бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.

"Айыпталушының кінәсі сотталушының кінәсінің мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Сотталушы жасаған ісін мойындап, өкініп, жәбірленушінің денсаулығына келтірген зиянды өз еркімен өтеді", - делінген хабарда.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Прокурор сотталушының бас бостандығын 1 жылға шектеуді сұрады.

Кінәні мойындау, жасаған ісіне өкіну, қылмыспен келтірілген зиянды өз еркімен өтеу жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Сотталушы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131479-almatyda-kopqabatty-uiding-podezinde-buryngy-aielin-soqqyga-zhyqqan-er-adamga-sottaldy/