Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшысы ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының ұсталғанын растайды", - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
СҚО бойынша ҚАЖД ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әділет Мұстафинов бұл қызметті 2023 жылы тағайындалған.
Ол қызметтік жолын 2000 жылы СПКБ Павлодар облысы бойынша АСПБ инспекторы болып батсады. Әр жылдары өңірде түрлі қызмет атқарды.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Павлодар облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының ІІО бойынша аға жедел уәкілі болды.
2013 жылдан 2016 жылға дейін жедел басқарма бастығының орынбасары, яғни ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл, жедел жұмыс бөлімінің бастығы болды.
2016 жылдан 2018 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдан 2020 жылға дейін Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болды.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131701-soltustik-qazaqstan-oblysy-boiynsha-qylmystyq-atqaru-zhuiesining-basshysy-ustaldy/