Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ер адам мен әйел адамның дүкенде болған төбелесі видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Дүкендегі сәт. Фото
Дүкендегі сәт. Фото: pro_prikorm_kz

Астана полицейлері елордалық дүкендердің бірінде ер адам мен әйелдің төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғады. Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram қолданушысы Мереке Жақсыбаева жеке парақшасында Астанадағы дүкендердің бірінде түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан сатып алушы ер адам мен әйел адамның арасында жанжал туындағаны көрінеді. Әйелдің айтуынша, оқиға 7 шілдеде болған.

"Мен дүкенге барып, баланы қағып кеттім. Нақтырақ айтқанда, баланың өзі шалынып қалды. Оның әкесі содан дау шығара бастады, мен кешірім сұрадым, себебі балаға зиянымды тигізетін мақсатым болмады. Содан кейін арамызда кикілжің туды, ол мені балағаттап, бейәдеп сөздер айтты. Баласын ұстап тұрып мені бірнеше рет итерді. Қолында бала болған соң оған ештеңе істей алмадым.

Кейін ол сыртқа шығып кетті. Алайда баласыз қайта оралды, оны видеодан айқын көре аласыздар. Мен оның үстінен арыз жазамын, жауапсыз қалдырмаймын. Денемде жарақаттар бар", - деді Мереке Жақсыбаева.

Қолданушының парақшасындағы видео Instagram желісіндегі танымал парақшаларға дейін жетіп, талқыға түсті. KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

"Балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131923-astanada-er-adam-men-aiel-adamnyng-dukende-bolgan-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/