Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ауа райы күрт бұзылды: бұршақ, жаңбыр жауып, жерасты өткелдерін су басты (видео)

Жарияланған күні:

Әйел қолшатыр ұстап кетіп бара жатыр
Қолшатыр ұстаған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда екінші күн қатарынан күн бұзылып, жаңбыр жауып жатыр. Куәгерлер әлеуметтік желілерде су басқан жаяу жүргіншілер өткелдері бейнеленген кадрларды жариялауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қолайсыз ауа райы салдары көрсетілген кадрлар пайда бола бастады.

Tеlegram-дағы "За нами уже выехали" арнасында Әл-Фараби көшесінен жоғары бұршақ жауғаны хабарланды. Сол уақытта даңғылдың өзін су басқан.

Есентай маңындағы жерасты өткелін де су басқан.

Telegram-дағы Qumash арнасында Алматы көшелерінен тағы бірнеше видео пайда болды. Кадрда жас жігіттің жаңбырдың астында тұрғанын көруге болады. Қатты соққан жел оны ұшырып әкете жаздаған.

Telegram-дағы Almaty Today арнасының оқырмандары да мегаполистің кейбір аудандарында бұршақ жауғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131929-almatyda-aua-raiy-kurt-buzyldy-burshaq-zhangbyr-zhauyp-zherasty-otkelderin-su-basty-video/