Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің үздік университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ғалымдардың есімі белгілі болды

Жарияланған күні:

Зертхана1
Зертхана. Көрнекі фото: piqsels.com

Әлемнің үздік университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар тағайындалды – 47 қазақстандық грант иегері атанды. Бұл туралы "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында хабарлады.

Орталық мәліметінше, жаратылыстану-техникалық блок бойынша берілген ғылыми тағылымдамалар саны 28 стипендияны (60%), қоғамдық-гуманитарлық блок бойынша – 19 стипендияны (40%) құрады.

Ғылыми тағылымдамаларға гранттарды бөлу кезінде ғылымды дамытудың басым бағыттарының біркелкілігі сақталған.

Ғалымдар "инжиниринг және технологиялар", "денсаулық сақтау", "ауыл шаруашылығы және ветеринария", "жаратылыстану ғылымдары", "әлеуметтік ғылымдар", "гуманитарлық ғылымдар" және "өнер" бағыттары бойынша тағылымдамадан өтетіні белгілі болды.

"Үміткерлер Harvard University, University of Tokyo, Queen' s University Belfast сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті", - делінген хабарда.

Грант иегерлерінің тізімін осы жерден көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131941-alemning-uzdik-universitetterinde-gylymi-tagylymdamadan-otetin-galymdardyng-esimi-belgili-boldy/