Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда балабақшалардағы тамақ пен ыдыстардан ішек таяқшалары анықталды

Жарияланған күні:

Балабақша
Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында прокурорлар мектепке дейінгі ұйымдарда 500-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілерін анықтады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Прокуратура ақпаратынша, Байқоңыр қаласының үш балабақшасында тамақ өнімдерін (ыдыс-аяқ, нан тақтасы, шикі көкөністер, үй кеспесі) микробиологиялық зерттеу нәтижелерімен ішек таяқшалары анықталды.

Осындай дерек Сырдария ауданындағы балабақшалардың бірінде де тіркелді.

Сонымен қатар Жалағаш ауданындағы екі балабақшада жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кондитерлік және сүт өнімдері берілген.  

Шиелі ауданындағы төрт мектепке дейінгі ұйымы осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келген.

Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Сырдария, Қармақшы және Жалағаш аудандарының балабақшаларында дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген (ауруы туралы медициналық анықтама немесе арыз болмаған), соның салдарынан бюджеттен 22 млн теңге көлемінде қаржы негізсіз аударылған.   

Сырдария ауданында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау фактілері анықталды.

Материалдар арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабына тіркеліп, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Сырдария ауданының полиция бөліміне жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131977-baiqongyrda-balabaqshalardagy-tamaq-pen-ydystardan-ishek-taiaqshalary-anyqtaldy/