Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатты жаңбыр жауып, су басты: әкімдік өкілдері қалада не болып жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Алматыдағы жаңбыр
Алматыдағы жаңбыр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 10 шілдеде Алматыда толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан кейбір аумақты су басқан. Алматы әкімдігі қазір су сорылып, ауа райының нашарлауына байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратынша, 10 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты әл-Фараби даңғылындағы "Есентай-Молл" СОО маңында локальді жаңбыр суының жиналған.

"Бұл жерге Бостандық ауданы әкімдігінің мердігер ұйымы және "Алматы су" коммуналдық қызметінің техникасы, Алматы ТЖД сорғы станциясы жіберілді. Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша суды сору аяқталып қалды", - делінген хабарда.

Сонымен қатар Жәңгір хан көшесі бойындағы Ерменсай шағын ауданында арнайы техникаалдын ала жіберіліп, стационарлық сорғылар дайындыққа келтірілген. Мұнда да жиналған жаңбыр суы сорылып жатыр.

Жаңбыр басталған соң су тасқынының алдын алу және жою және судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалар, багрлер және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. 1,6 мың қап құм дайындалды.

Түнде 316 техника, 28 мотопомпалар және 323 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 10 шілдеде түнде ауа температурасы +18...+20°C, ертең, 11 шілдеде түстен кейін +29...+31 және күндіз өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131986-almatyda-qatty-zhangbyr-zhauyp-su-basty-akimdik-okilderi-qalada-ne-bolyp-zhatqanyn-aitty/