Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузиядан қыз зорлауға оқталғаны үшін сотталған қазақстандық экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Күдікті әуежайда келе жатыр
Күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr/3956

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ол 2020 жылы Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған.

"Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған", - делінген Бас прокуратура өкілдері.

Сот оны кінәлі деп таныған, алайда сотталған ер адам жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132223-zorlauga-oqtalgany-ushin-sottalgan-qazaqstandyq-gruziiadan-ekstraditsiialandy/