Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Жарияланған күні:

Мәлік Оңғарбаев
Мәлік Оңғарбаев. Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Павлодар полиция басқармасының бастығы болып полковник Мәлік Оңғарбаев тағайындалды. Тиісті бұйрыққа министр қол қойды деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Мәлік Басарұлы Оңғарбаев Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Ол бұған дейін Павлодар облысы Павлодар аудандықполиция бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ Қайыржан Шақарғалиев пен Вячеслав Ипатов Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасарлары болып тағайындалды. Шақарғалиев бұған дейін Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы, ал Ипатов Павлодар облысы полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132415-pavlodar-politsiia-basqarmasynyng-bastygy-tagaiyndaldy/