Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айқайлаған дауыстар шықты": Талғарда суға батып бара жатқан баланы құтқарған жігіт мән-жайды айтты

Жарияланған күні:

Құтқару сәті. Фото
Құтқару сәті. Фото: kris_p_talgar

Алматы облысы Талғар ауданында суға батып бара жатқан балақайды құтқарған қаһарманның есімі белгілі болды. Жас жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Серік құтқару сәтінің мән-жайын баяндап берді.

Жолай өтіп бара жатып, ерлік жасаған Серік есімді жігіт болып шықты. Көпірдің үстінен өтіп бара жатып кішкентай балалардың даусын естіген ол бірден көмекке жүгірген.

"Балалар суға батып бара жатқан баланы құтқара алмай айналшықтап жүгіріп жүр екен. Айқайлаған дауыстар шықты. Келіп, құтқарып алдым. Бала су жұтып алған, кішкене қорқып қалған. Судан шығарғаннан кейін, ол өз-өзіне келген соң достарымен кетіп қалды. Өзімді батырмын деп санамаймын. Менің орнымда кім болса да көмектеседі деген ойдамын", - деді қаһарман.

Естеріңізге салсақ желіде суға батып бара жатқан баланы құтқару сәтінің видеосы тарағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132478-aiqailagan-dauystar-shyqty-talgarda-suga-batyp-bara-zhatqan-balany-qutqargan-zhigit-man-zhaidy-aitty-video/