Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясында жүйелі түрде ақша ұрланған

Жарияланған күні:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласында "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҚМА ақпаратынша, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132517-astanada-sporttyq-mekemede-40-mln-tengge-zhymqyrylgan/