Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңгер Айман Асанованың өлімі: сотталушы марқұмның туыстарына 10 млн теңге өтемақы төледі

Жарияланған күні:

Сот
Сот. Көрнекі сурет: boonchai wedmakawand/Getty Images

Алматыда марқұм заңгер Айман Асанованың інісі оның өліміне кінәлі адамнан 50 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру үшін сотқа жүгінді. Бұл туралы Жоғарғы сот Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Жоғарғы сот ақпаратынша, іс Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотында қаралған. Қалалық соттың баспасөз қызметі бұл 2022 жылы қаза тапқан марқұм заңгер Айман Асановаға қатысты іс екенін растады.

Жауапкер бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Осындай көптеген жарақаттан әйел ауруханада қайтыс болған.

"Қайтыс болған әйелдің інісі қойған талабында оның өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн теңгеге бағалады", - делінген хабарда.

Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті.

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн теңге өндірілген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132574-almatyda-buryngy-aielin-qatigezdikpen-oltirgen-er-adam-marqumnyng-tuystaryna-10-mln-tengge-otemaqy-toledi/