Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 47 миллион теңге": Шымкент орталығында жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланған күні:

Жер телімі
Жер телімі. Фото: pixabay.com

Шымкентте саябақ жанындағы құны 47 миллион теңгеге жуық жер телім мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің сайтында Шымкенттегі жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ақпаратта Шымкент прокуратурасы қалалық жерге орналастыру бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізгені айтылған.

"REAL PACK" ЖШС-ге тиесілі жер учаскесіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жер учаскесі Шымкент қаласының бекітілген бас жоспарында ортақ пайдаланудағы жерде орналасқан .

Зерделеу барысында саябаққа іргелес жатқан ортақ пайдаланудағы жалпы көлемі 0,9326 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын өрескел бұзыла отырып табысталғаны анықталған.

Осының негізінде Департамент тарапынан Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жер учаскесінің құқық беруші құжаттарын жарамсыз деп тану туралы талап кою арызы берілген", - деп хабарлады Комитет өкілдері.

Шымкенттегі қайтарылған жер учаскесі
Шымкенттегі қайтарылған жер учаскесі. Фото: gov.kz

Соттың 2024 жылғы 4 маусымдағы шешімімен департаментің талап- арызы толығымен қағанаттандырылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесінің кадастрлық құны 46 853 824 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132691-quny-47-million-tengge-shymkent-ortalygynda-zher-telimi-memleket-menshigine-qaitaryldy/