Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көлік жуу орындарының жартысына жуығы су тапшылығына байланысты жабылды (видео)

Жарияланған күні:

Көлік жуу. Фото
Көлік жуу. Фото: pixabay.com

Ақтауда ауыз су мәселесі өзекті күйде қалып отыр – су тапшылығына байланысты кейбір кәсіпкерлік нысандар жұмысын тоқтататты. Жауаптылар мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна ақпаратынша, қаладағы 70-тен астам көлік жуу орнының жартысына жуығы жұмысын тоқтатқан. Үнемделген текше метр қаланың аса мұқтаж аудандарына жөнелтіледі дейді шенеуніктер.

Ал қазіргі жағдайға қала тұрғындарының өздері наразы.

"Қазір жиырма бірінші ғасыр, ал бізде әлі сумен қамтамасыз ету мәселесі өршіп тұр. Мұны тезірек шешу керек деп ойлаймын, шынымды айтсам, график бойынша өмір сүргім келмейді", - деді Ақтау тұрғыны Марина Мерешко.

Шенеуніктер аптап ыстық келгенде үнемдеудің жаңа жолдарын ойлап табуға мәжбүр болды. Онда бұл күндері термометр 42 градусқа дейін көтеріледі. Қазір Маңғыстауда 40 мың текше метрге жуық ауыз су жетіспейді.

Билік аптап ыстық тек тұтынудың өсуіне ғана себеп болған жоқ дейді. Каспий теңізінің температурасы да көтеріліп, тұщыландыру үдерісі баяулады. Қолданыстағы техника облыс сұранысын өтей алмайды.

Қазіргі таңда 10 жаңа тұщытқыш қондырғылар салынып, негізгі су құбыры қайта жаңғыртылуда. Ал жұмыс аяқталғанша ақтаулықтар суды кесте бойынша алатын болады. Шенеуніктер жаз соңына дейін жағдайды түзетеміз деп уәде беріп отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132784-aqtauda-kolik-zhuu-oryndarynyng-zhartysyna-zhuygy-su-tapshylygyna-bailanysty-zhabyldy-video/