Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метро салу үшін жер телімдері алынады

Жарияланған күні:

Алматы метросы
Алматы метросы. Фото: t.me/almaty_akimat/21227

Алматының Наурызбай ауданында метро салу үшін жер телімдері алынады. Бұл туралы әкімдіктің қаулысы "Заңгер" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпараттық-құқықтық жүйенің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, қала әкімдігі қаулы қабылдады, соған сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман станциясынан "Барлық" базарына дейін орналасқан жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталады.

Бұл аумақтар бірінші метро желісінің үшінші кезеңі мен көлік торабын салу үшін алынады.

Құжатқа сәйкес, иеліктен шығару процесі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Жер учаскелерінің иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132850-almatyda-metro-salu-ushin-zher-telimderi-alynady/