Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең бай әйелдерінің бірі Ресей азаматтығынан бас тартты

Жарияланған күні:

Айдан Сүлейменова. Фото
Айдан Сүлейменова. Фото: the-steppe.com

"Аяла" қорының негізін қалаушы Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты. Тиісті жарлыққа Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясының құқықтық құжаттарының порталында ел президентінің 2024 жылғы 11 шілдедегі "Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау және Ресей Федерациясының азаматтығынан шығу туралы" Жарлығы жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, Ресей президенті 1968 жылы 4 сәуірде Қазақстанда туған Сүлейменова Айдан Төлетайқызының азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Аяла" қорының ресми сайтында қордың негізін қалаушысы Айдан Сүлейменова екені айтылған. Сүлейменова 10 жыл терапевт болып жұмыс істеп, кейін жеке кәсібін құрды.

2023 жылғы Forbes.kz сайтының мәліметтері бойынша Айдан Сүлейменова Қазақстандағы ең бай рантье иелерінің рейтингінде 8-орында тұр. Оның болжамды кірісі 4,3 млрд теңгені құрайды.

Порталдың хабарлауынша, Айдан Сүлейменова, серіктестерімен бірге астаналық "Керуен сити" сауда орталығы мен "Талан галереясы" сауда орталығына иелік етеді және "Керуен" сауда үйінің үлесіне ие. Сүлейменованың компания қоржынында Ақтөбедегі "Керуен сити" сауда орталығының 50 пайызы да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132958-qazaqstannyng-eng-bai-aielderining-biri-resei-azamattygynan-bas-tartty/