Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан" қонақүйіндегі фонтан дауы: сотта әкімдік жеңіп шықты

Жарияланған күні:

"Қазақстан" қонақүйі
"Қазақстан" қонақүйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы соты Алматы қаласының танымал қонақүйін мәдени маңызы бар фонтанды жаңғыртуға міндеттеді. Бұл туралы Жоғарғы сот Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақүйден нұсқаманы мәжбүрлі түрде орындауды талап етті.

Алайда бұған қол жеткізе алмай, басқарма қонақүйдің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 17-бабы 1-тармағының 4, 4-1, 6) тармақшаларын бұзғанын атап көрсетіп, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қойды.

ЖШС "Қазақстан" қонақ үйіне іргелес аумақта субұрқақты жаңғыртуды жүзеге асырған болатын. Жұмыс жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз жүргізілген.

Бірақ субұрқақты жоспарланған қайта жаңғыртудың орнына бассейн құрылысы басталды. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат беру құжаттарынсыз жүргізілген.

ЖШС субұрқақты өз бетінше жаңғырту жөнінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Сонымен қатар жоғарыда аталған субұрқақ Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген қонақ үй ғимараты кіретін күзет аймағының аумағында орналасқан.

Сот осы жағдайларды ескере отырып, қойылған талапты қанағаттандырды және тапсырыс берушіні басқарманың бұйрығын орындауға мәжбүрледі.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі "Қазақстан" қонақүйіндегі субұрқақтың бір бөлігін бассейнге айналдырғандардың үстінен сотқа арыз түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132967-qazaqstan-qonaquiindegi-suburqaq-dauy-sotta-akimdik-zhengip-shyqty/