Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды

Жарияланған күні:

Ер адамдар
Ер адамдар. Көрнекі фото: wernerimages / Getty Images

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы сөзге келіп, артынан төбелесіп қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары А және аппарат басшысы бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқықбұзушылық істер қаралды.

"2024 жылғы мамырда айыпталушылар әкімдік ғимаратында жұмыс орнында бола тұра, сөздік жанжал тудырып, арты өзара төбелеске ұласты.  

Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуі де өз кінәсін мойындаған жоқ", - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133030-aqmola-oblysynda-audan-akimining-orynbasary-men-apparat-basshysy-tobelesip-qaldy/