Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша жинауға тура келеді: Қазақстанда жастарға арналған тұрғын үйді жалға алу ережелері жаңартылды

Жарияланған күні:

Тиын санап отырған адам
Тиын санап отырған адам. Көрнекі фото: Guido Mieth/Getty Images

Сатып алусыз жалға алу қолжетімді баспана алуға және ипотекаға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушыларға арналған ережелер қайта қаралды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Сатып алу құқығынсыз жалға алу – баспанаға мұқтаж жас қазақстандықтарға тиімді шешім.

Олар ақшаны үнемдеп, табытарын қымбат жалдау ақысына жұмсамайды, бұл әртүрлі ипотекалық бағдарламаларға бастапқы жарнаны жылдам жинауға көмектеседі. Осылайша, мұндай тұрғын үйдің құны коммуналдық қызметтерді есептемегенде шамамен 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидалары өзгертілді.

Не өзгерді

Жарияланған бұйрыққа сәйкес, қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйді беру ережелеріне жыл сайынғы жинақтау шегі ұғымы енгізілді. Яғни бұл – тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шотында (депозитте) жинақталған ақша сомасы.

Жалдау шарты бойынша жылдық жинақтау шегі жыл сайын кемінде 170 АЕК болуы керек – бұл 2024 жылы 627 640 теңге.

Бұл ретте жалдау шартының мерзімі одан әрі үш жылға дейін ұзартыла отырып, бір жылға тең болады. Алайда жыл сайынғы жинақтау шегіне жеткен жағдайда ұзартуға қол жеткізуге болады.

Яғни енді бағдарламаға қатысушылар қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйді ұзағырақ пайдалану үшін шынымен ақша үнемдейтінін көрсетуі керек. Әйтпесе шарт ұзартылмайды.

Сондай-ақ өтініш берушінің балалары мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, туу туралы куәліктердің көшірмелерін нотариалды куәландыру енді талап етілмейді. Бірақ сонымен бірге білім туралы құжаттың көшірмелерін нотариалды куәландыру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133063-aqsha-zhinauga-tura-keledi-qazaqstanda-zhastarga-arnalgan-turgyn-uidi-zhalga-alu-erezheleri-zhangartyldy/