Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айка тізімі": эскорт-бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен сотталған қыз апелляциялық шағым түсірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

"Айка" лақап атымен танылған блогер, эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін "Айка" лақап атымен танылған, бұрын притон ұйымдастырғаны үшін сотталған қыз апелляциялық шағым түсірген.

Ведомствода бұл іс бойынша сот процесіне БАҚ өкілдері кіргізілмей, жабық есік жағдайында өтіп жатқанын еске салды. Апелляциялық шағымды қарау мерзімі әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, мамырдың соңында Алматы сотында Айкаға қатысты үкім шыққан болатын. Ол есірткі тарату және жеңгетайлық бойынша кәнілі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі интернетте тарап кеткен "Айка тізімі" ісімен қазір Антикор айналысып жатқанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133066-aika-tizimi-eskort-biznesin-uiymdastyrushy-apelliatsiialyq-shagym-tusirdi/