Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған": полицейлер желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Желіде Астанада судьяны ұрлап, одан ақша бопсалаған деген ақпарат тарады. Бұл жайтқа Астана қаласы полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елордада судьяны ұрлап, одан ақша алған ер адам іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланды.

"Алдын ала ақпарат мынадай – судья Ордабаевқа үйінің паркингінде бетперде киген және қаруы бар белгісіз адам келіп, оны көлікке отырғызып, қаңырап бос қалған жерге баруға мәжбүрлеген. Қаскүнем судьяға оның отбасы, балалары, туыстары туралы білетінін айтып, қомақты қаржы бермесе, қиындыққа тап болатынын айтқан. Ордабаев өзінің атына 300 мың теңге несие рәсімдеп, сол ақшаны берген.

Кейінірек ер адам Ордабаевқа тағы 12 миллион теңге бермесе, сондай-ақ қандай да бір сот актісінің күшін жоймаса, оны өлтіремін деп қорқытып, қашып кеткен. Судья құқық қорғау органдарына жүгінген. "Адам ұрлау", "бопсалау" және "сот төрелігін іске асыруға кедергі жасау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген жазбада.

Астана қаласы полиция департаменті бұл жайт бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Астана қаласының тұрғынын бопсалау және ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133084-astanada-sudiany-urlap-odan-aqsha-bopsalady-degen-kudikti-izdestirilip-zhatyr/