Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор өкілдері бұрынғы ТЖ бірінші вице-министінің ісі бойынша мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Антикор өкілдері ТЖ бұрынғы бірінші вице-министрдің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Антикор мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ТЖ жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

"ТЖМ әскери бөлімінің қолбасшылығына және Қарағанды облысы ТЖ департаментінің лауазымды тұлғаларына жеке үй салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы заңсыз нұсқаулар берді деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері зерттеу нәтижелері бойынша Бас әскери прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Ақмола гарнизонының әскери сотына жіберілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133219-antikor-okilderi-buryngy-tzh-birinshi-vitse-ministining-isi-boiynsha-malimdeme-zhasady/