Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары "Оператор РОП" экс-басшысына қолайлы жағдай жасағаны үшін сотталды

Жарияланған күні:

Изолятор
Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскеменде ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Қанат Зинов ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган мәліметінше, Өскемен қаласының №2 соты ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Зияновқа үкім шығарды.

"Ол сотталған – "Оператор РОП" ЖШС-ның бұрынғы басшысы М. Құмарғалиевке жазасын өтеудің қолайлы жасау жолымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Зияновқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру және "әділет подполковнигі" арнаулы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133225-shqo-boiynsha-qazhd-bastygynyng-orynbasary-operator-rop-eks-basshysyna-qolaily-zhagdai-zhasagany-ushin-sottaldy/