Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызының жүктілігін жасырғаны үшін Ақмола облысының тұрғыны сотталды

Жарияланған күні:

Жүктілік тесті
Жүктілік тесті. Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысының тұрғыны қызының жүктілігін жасырғаны үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын 2023 жылғы сәуірде 2009 жылы туған қызы 2003 жылы туған жігіттен жүкті екенін білген.

Алайда, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 70, 71-бабының талаптарын бұза отырып, 2023 жылғы сәуірдің ортасында Екібастұз қаласының дәріханасынан жасанды түсік жасауға арналған таблеткаларды сатып алып қылмыс іздерін жасыруға және кәмелетке толмаған адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмысты жасыруға бағытталған әрекеттер жасағаны білгілі болды.

Ол бұл таблеткаларды кәмелеттік жасқа толмаған қызына берген, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қызының жігітпен жыныстық қатынаста болғаны туралы хабарламаған.

Сот мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы маусымда дәрі-дәрмек түсік тастауға көмектеспей, әйел қызын Астана қаласына әкеліп, жеке клиниканың гинеколог дәрігеріне жүгінген. Дәрігерлер бас тартып, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

"Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және асырауында екі кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, сот үкімімен әйелге Қылмыстық кодекстің 432-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген сот мәліметінде.

Облыстық сот мәліметінше, жекелеген міндеттерді жүктей отырып, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды.

Сот актісі заңды күшіне енді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133279-qyzynyng-zhuktiligin-zhasyrgany-ushin-aqmola-oblysynyng-turgyny-sottaldy/