Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ЖОО білім гранттарына өтінім қабылдау басталды

Жарияланған күні:

Талапкерлер
Талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды 2024 жылдың 13-24 шілде аралығында тапсыруға болады. Бұл туралы Ғылым министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының мәліметі бойынша, білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталады.

Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде "Электрондық үкімет" порталы арқылы беруге болады.

2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан - 300 грант даярлаудың мынадай бағыттары: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді.

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133348-qazaqstanda-zhoo-bilim-granttaryna-otinim-qabyldau-bastaldy/