Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер қаласының экс-әкімі ұсталды деген ақпаратқа ШҚО әкімдігі өкілдері пікір білдірді

Жарияланған күні:

Дәулет Батырбаев
Дәулет Батырбаев: egemen.kz

Желіде Риддер қаласының экс-әкімі ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа ШҚО әкімдігі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

"БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарымен азамат Дәулет Батырбаев ұсталғандығы туралы ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, Батырбаев 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Дәулет Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер емес.

Сондай-ақ, ШҚО әкімінің баспасөз қызметі Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандайда бір қылмыстық істер тіркелмегенін қосымша хабарлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133402-ridder-qalasynyng-eks-akimi-ustaldy-degen-aqparatqa-shqo-akimdigi-okilderi-pikir-bildirdi/